Ақмола облысында тәртіп бұзған әкім қызметінен кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкім қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте Есіл ауданындағы Курск селосының әкімі В.Рогозныйдың тәртіптік ісі қаралды.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей В.Рогозныйдың үстінен ҚР ҚК 346 бабының 1 бөлімі бойынша іс қозғалған. Ол өзінің 36 айға көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйінде «Мицубиси Паджеро» көлігін тізгіндеген. Осылайша, оның ҚР «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабының 8 бөлігі 1 бөлімі, ҚР Мелекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің бірқатар ережелерінің бұзғаны анықталды.

Сол себепті Әдеп кеңесі мүшелері бірауыздан В.Рогозныйды Есіл ауданының Курск селосы әкімі лауазымынан босату туралы ұйғарымға келді.

Соңғы жаңалықтар