Ақмола облысында танысының 800 мың теңгесін жымқырып кеткен 26 жастағы жігіт қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында танысының үйіне түсіп, ірі көлемдегі қаржысын жымқырып кеткен 26 жастағы жігіт қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Ақмола облысының Есіл аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйінде сақтаулы тұрған 800 мың теңге көлеміндегі ақшасын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында зардап шегушiнің 26 жастағы танысы қолға түсті. Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай зардап шеккен адам ет саудасымен айналысқан. Одан түскен табысты банкте емес, үйінде сақтаған. Ал күдікті болса, оған етті көлікке артып, түсіруде көмектесіп отырған. Танысының үйінде сақтаулы тұрған ақшасы бар екенін білген ол ұрлыққа барған. Қолды қылған ақшаның бір бөлігіне ол банктегі несиесiн жапса, қалғанына оргтехника сатып алған.

Қазіргі кезде күдікті қылмысын толық мойындап, үстінен ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар