Ақмола облысында такси жүргізушісін пышақтап, көлігін тартып алған күдіктілер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында такси жүргізушісін пышақтап, көлігін тартып алған 2 күдікті қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарашаның 24-і күні түнгі 23:15 минут шамасында Целиноград аудандық ІІБ-не Астана қаласындағы ІІД ЖБО кезекшілік бөлімінен хабар түсті. Онда 29 жастағы Қоянды ауылының тұрғынын белгісіз 2 адам іші және кеуде тұсынан пышақ салып, «Hyundai Accent» көлігін тартып алып, тайып тұрған.

Зардап шеккен таксист «іші және кеуде тұсынан пышақ жарақаты» диагнозымен Астана қалалық ТЖ ауруханасына жатқызылды.

Осыған орай, жедел-іздестіру шарасы барысында сол күні 23:55 минут шамасында Астрахан ауданының Новочеркасск ауылының маңындағы бақылау бекетінің маңында аудандық ІІБ қызметкерлерімен 18 жастағы Астана тұрғыны тізгіндеген «Hyundai Accent» көлігі ұсталды. Сонымен қатар, көлік ішінде 29 жастағы Астрахан ауданының тұрғыны бірге болды.

Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар