Ақмола облысында тағы бір жасөспірім жоғалып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім Карина Қаппасованың табылмай жатқанына 2 апта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қыздың жоғалып отырғаны алғаш рет емес. Бұл жолы Щучье қаласындағы индустрия, туризм жəне қызмет көрсету колледжінде оқитын Карина Қаппасова 9 мамыр күні хабарсыз кеткен. Ал 21 мамыр күні анасы полицияға хабарлаған.

"Жасөспірім осыған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалды. Соңғы рет 26 сəуір күні жоғалып, 29 сəуірде табылды. Бір апта əлеуметтік бейімдеу орталығында болды да, 6 мамыр күні ата-анасы алып кетті. Бірақ үйінде көп болмады. 9 мамыр күні тағы із-түзсіз жоғалып кетті", деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар