Ақмола облысында тағы бір жаңа мешіт бой түзейді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тағы бір жаңа мешіт салынады. Бұл туралы "Ақмола Медиа Орталығынан" хабарлады.

Бұл жолы Алланың үйін Аршалы селосының қақ төрінде салу көзделіп отыр. Аршалылықтар бұл күнді көптен асыға күткен еді. Енді оның жүзеге асарына толық сенім бар. Мешіт аудан орталығындағы Тәшенов және Астана көшелерінің түйісер тұсында 550 шаршы метр жерге салынады деп жоспарланған. Ғимарат биіктігі 24 метр болады.

Осынау қуанышты оқиға байланысты аудан әкімі Ж.Нұркенов өңірдегі ислам дінін берік ұстаған мұсылман қауымын құттықтап, мешіт құрылысын жүргізуге ниетті «Астана-БОЛУС» құрылыс компаниясының директоры Төлеген Нұрпейісовке сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар