Ақмола облысында тағы бір ерекше жылыжай бой көтерді

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тағы бір ерекше жылыжай бой көтерді. Еңбекшілер ауданының Макинка ауылында қарапайым әдіс пен салынған жылыжайда қияр, қызанақ және гүлдің бірнеше түрі өсірілуде.

Елімізге қазір көкөністер көбіне шетелдерден әкелінеді. Олардың көп жағдайда сапасы сын көтермейді. Сырты бүтін, іші түтін болып жататына да жасырын емес. Ал Еңбекшілдер ауданындағы жеке кәсіпкер Константин Вишнев еш қоспасыз қарапайым әдісті қолдана отырып, табиғи жолмен қияр және қызанақ өсіруді қолға алуда.

Ол осы мақсатта өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен 10 миллион теңгенің несиесін алып, 600 шаршы метр жерге жеті жылыжай тұрғызуды көздеп отыр. Жылыжайды қарапайым темір кесінділерін бір біріне жалғап,үстіне су өткізбейтін целлофан қағазбен жабу арқылы салуда. Бүгінгі күні осындай екі жылыжай тұрығызылып алғашқы өнімді бере бастады.

«Алғашқы өнімді осыдан бір апта бұрын жинап алып, ауыл тұрғындарына үлестердік. Қалғанын аудан орталығындағы көтерме сауда орындарына келісі 400 теңгеден саттық. Біз еш қоспасыз, тамшылатып суару арқылы экологиялық жағынан таза табиғи өнім өндіріп отырмыз», - дейді жылыжай агрономы Вера Пак.

Шаруашылық бал арасын өсірумен де айналысады. Қыстыгүні қияр мен қызанақ гүлдерін тозандыру үшін араларды осы жылыжай ішіне орналастырылмақ. Сонымен қатар, жылыжай иесі алдағы уақытта амарант шөбін өсіруді де жоспарлап отырған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар