Ақмола облысында сұйытылған газ 70-75 теңгеден сатылып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сұйытылған газ бағасы 70-75 теңгені құрайды. Бұл туралы өңірлік жедел штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Ақмола облысында сұйытылған газ бағасы 70 теңгені құрайтыны белгілі болды. Тек шалғай елді мекендерде ғана газ бағасы 75 теңге болуы мүмкін.

Сонымен бірге, отырыста интернет болмаған кезеңде кәсіпкерлер тұтынушыларға тауарлық чек беретіні айтылды.

«Төтенше жағдай режимі енгізілгендіктен инернет желісі, сондай-ақ банк және өзге де қаржы ұйымдарының жұмысы шектелгендіктен зейнетақы және өзге де төлемдер кешіктірілді. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан бұл мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті өңірлік жедел штабтың отырысында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар