+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Ақмола облысында суицид жасамақ болған 14 жастағы жасөспірім құтқарылды

2021 жылғы 9 сәуір 13:48
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында суицид жасамақ болған 14 жастағы жасөспірім құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында учаскелік полиция инспекторы суицид жасамақ болған 14 жастағы жасөспірім қызды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ер адамдар мылтықтан оқ атты Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

Ведомствоның мәліметінше, 8 сәуірде Жақсы ауданының Перекатное ауылында болған.

«Жақсы аудандық ПБ кезекші бөліміне Перекатное ауылының 28 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарласып, өзінің 32 жастағы әпкесі кәмелетке толмаған қызын ұрып жатқанын айтты», - деді полиция.

Куәгерлердің айтуынша, үйде жанжал шығарған әйел қызын мойнынан қысып тұншықтырған. Сонымен бірге оны және кіші інісі мен сіңілісін балалар үйіне беретінін айтып қорқытқан.

«Айтылған мекенжайға дереу жеткен учаскелік инспектор үш баланың анасын өз үйінде мас күйінде тапты. Осы кезде әйелдің 11 жасар қызы үйге жүгіріп келіп, учаскелік полиция инспекторына 14 жастағы үлкен әпкесі қораның ішінде асылып қалғанын айтты. Учаскелік полиция инспекторы Данияр Нұрғамиде дереу қорада асылып тұрған жасөспірімді босатып алды.

Есінен танып қалған қызды жедел жәрдем қызметі алып кетті. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT