Ақмола облысында суға кеткен екі адамның денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында суға кеткен екі адамның денесі табылды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша маусымның 3-і күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жақсы ауданының Белағаш ауылындағы су қоймасына шомылмақ болған 1977 жылғы ер адам С.Қалиев суға батып кеткен. Араға 40 минут салып оның денесін ауылдастары судан алып шықты.

Сондай-ақ сол күні кешкі сағат тоғыздар шамасында ТЖД Целиноград ауданындық суда құтқару қызметімен Есіл өзенінде 1980 жылғы Н.Хафизовтың денесі анықталып, судан шығарылды.

Еске сала кетсек, Н.Хафизов мамырдың 29-нан 30-на қараған түні мас күйінде өзен суына шомылмақ болып, батып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар