Ақмола облысында суға кеткен балықшының денесі екі аптадан бері табылмай жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балық аулап жүріп суға кеткен ер адамның денесі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«12 мамырда сағат 11:30-да Қорғалжын ауданы Ұялы ауылының маңында Жәнібек Шалқар көлінде Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының, Ақмола облысының жедел құтқару жасағының және Ақмола облысының Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары, сонымен бірге жергілікті тұрғындар 27 сәуірде балық аулап жүріп суға кеткен 1969 жылғы ер адамды іздестірді», - деп мәлім етті Руслан Иманқұлов.
Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар