Ақмола облысында су тасқынының қаупі жоғары аудандар əуеден бақыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин өңірдегі көктемгі су тасқынының қаупі бар жерлерді тікұшақпен бақылап шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Аймақ басшысымен бірге тікұшақ бортында болған ҚР ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин жəне ТЖК төрағасы Владимир Беккер Вячеславка, Шағалалы су қоймаларын мұқият қарап, Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Целиноград аудандарының су тасқынының қаупі бар өзендерінің (Сілеті, Есіл, Жабай, Нұра) жағдайларын, су тораптарының тасқын суларды өткізуге дайындықтарын тексерді. Әсіресе,  Атбасар қаласының маңынан ағып өтетін Жабай өзенінің жағдайына көңіл бөлінді.
null  

Әуеден бақылаудың ең алғашқы нысаны Целиноград, Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарындағы өзен және су қоймаларындағы су торабы болды.

Атбасар қаласы аумағынан ағып өтетін Жабай өзені бойындағы көпірдің маңындағы гидро бекетте аймақ басшысы Мəлік Мырзалин мен ҚР ІІМ министрінің орынбасары Юрий Ильин жəне ТЖК төрағасы Владимир Беккер өңірдің көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын бақылып көрді.

Бүгінгі таңда Атбасар облыстағы су тасқынының қаупі жоғары аудан саналады. Сол себепті негізгі күш осы ауданға жұмылдырылуда. Аудан орталығындағы су басу қаупі бар үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалып,  арықтар мен су жіберу нысандары тазалануда. Сондай-ақ,  бөгеттерді нығайту жұмыстары қолға алынған. Кездесуде Мəлік Мырзалин су тасқынының алдын алу шараларына жүз пайыз дайын болу қажеттігін атап өтті.
null  

"Біз бүгін ҚР ІІМ мен ТЖК басшыларымен  бірлесіп, облыстың су тасқынының қаупі жоғары алты ауданындағы жағдайды əуеден бақылап шықтық . Жалпы, тасқын суға қарсы шаралар өткен жылдың көктем-жазынан басталды. Облыстың барлық аудандарында арнайы штабтар құрылды. Оның ішінде бүгінгі Атбасар қаласында салынған ұзындығы 9 шақырым, биіктігі 7,5 метр бөгетті атап өтуге болады", деді М.Мырзалин.

Бұл жерде ТЖ бойынша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған апаттық-құтқару мен коммуналдық сала техникасының дайындығы пысықталды.

Облыс əкімі баспасөз қызметінің мəліметі бойынша облыс ТЖ-ның алдын алу және зардаптарын жою үшін 900 миллион теңгеден астам қаржы қарастырып отыр. Қазіргі кезде 12 су арнасы тазартылып, ретке келтірілді. 32 шақырым бөгет жөнделіп, іргесі нығайтылды. Топырақтан қосымша 1,6 шақырым бөгет тұрғызылды жəне 13 су жіберу нысандары салынған.
null  

Оған қоса 23,7 мың тонна инертті материал, 102 мыңнан астам қап, 268,3 тонна жанар-жағармай, 16,7 тонна азық-түлік əзірленген.

Сонымен қатар, 2588 адам, 1220 бірлік арнайы техника жəне 66 жүзу құралы дайын тұр.

Қазіргі кезде облыстағы елді мекендерде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін барлығы 850 мың текше метр қар сыртқа шығарылған.
nullnull 

Соңғы жаңалықтар