Ақмола облысында студенттердің жаппай улануына байланысты іс қозғалды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында студенттердің жаппай улануына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы наурыздың 29-да Көкшетау қалалық полиция басқармасына Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен 15 наурызда облыс орталығының дәмханаларының бірінде колледждің 17 студенті уланғаны туралы арыз түскен.

«Кешкі астан кейін жастар жүрек айну, құсу және іш өту қолайсыздықтарына шағымдана бастаған. Санитарлық қызмет аурудың таралуына ықпал еткен бірқатар санитарлық ережелердің бұзушылықтарын анықтады. Полиция басқармасы дәмхана иесіне қатысты ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі «санитарлық ережелерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетауда дәмханада кешкі ас ішкен 17 студент уланып қалды.


Соңғы жаңалықтар