Ақмола облысында студенттер жатақханасында заңсыз тұрып жатқандар анықталуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1 614 студент жатақханаға зəру. Жатақханаға алдымен бірінші курс, грант иегерлері жəне көпбалалы жəне толыққанды емес отбасылардан шыққан студенттер орналастырылады. Ал, қалған студенттер пəтер жалдауға мəжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы білім ордаларында «Таза сессия» жемқорлықты алдын алу мақсатында студенттер жатақханасын заңсыз паналап жүрген тұлғалар анықталуда. Аталмыш шараны арнайы мониторинг тобы мен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаменті жəне Ақмола облысының ІІД бірлесіп жүргізуде.

«Осыған дейін жүргізілген тексеріс кезінде бірқатар жатақханаларға жөндеу қажет екені анықталды. Бүгінгі таңда облыстағы жəне Көкшетау қаласындағы жоғары жəне арнайы орта білім беру мекемелеріне тиесілі 14 жатақхана тексерілді.

Оған қоса облыс аумағындағы өзге де колледждердің жатақханалары тексеріспен қамтылған», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, арнайы мониторингтік топ жұмысының басты бағыты өңірдің жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының жүзеге асырылуын жан-жақты талдау жəне баға беру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар