Ақмола облысында студенттер «Дуалдық оқыту жүйесі» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына тартылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәсіптік техникалық колледж студенттері «Дуалдық оқыту жүйесі» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына қатысуда.

Есіл ауданындағы «Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС- де № 7 агротехникалық колледждің 6 студенті тәжірибеден өтуде. Оның екеуі шетелдік «Джон Дир» егін себу кешенінде жұмыс істесе, үшеуі аспазшы болып еңбек етуде.

«Елбасының тапсырмасына сай қолға алынған «Дуалдық оқыту жүйесі» бағдарламасы студенттердің білімін теориядан тәжірибеге алмастыруға зор мүмкіндік береді. Осы орайда, біздің колледжбен «Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС және студенттің қатысуымен соңғы үш жылдың ішінде 18-ге жуық үшжақты келісімшарт жасалды. Сол себепті біздің студенттер жылына екі рет тәжірибеден өтуде. Ал бұл өз кезегінде болашақ арнаулы орта мамандық иесінің білімін тәжірибемен ұштастыруға зор мүмкіндік», - дейді Есіл қалалық агротехникалық колледжінің директоры Лариса Клименко.

Еске сала кетсек, «Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС-і биыл 20 мың гектар жерге тұқым сіңіруді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2,9 мың гектарың майлы дақылдар құрайды. Қазіргі кезде серіктестікте көктемгі дала жұмыстары басталып кетті. Өткен жылы жұмысқа орналасқан аталған агротехникалық колледждің түлегі Данияр Нұрғалиев бүгінде тәулігіне 200 гектар алқапта дән себіп, шаруашылық басшылығының сенімін ақтап жүр.

Соңғы жаңалықтар