Ақмола облысында спорт саңлақтары марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан жəне түрлі халықаралық жарыстарда жеңіс биігінен көрініп жүрген ақмолалық спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдікте өткен шараға қатысқандардың арасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары, күрес, бокс, биатлон және шаңғы спорт түрлері бойынша танымал спортшылар Алина Райкова, Роман Еремин, Денис Волотка, Тимур Хамитгатин, Евгений Величко, Валерия Тюленева, Денис Петренко, Мөлдір Базарбаева, Жансая Балтабекова, Бекбол Нұрланұлы және олардың жаттықтырушылары болды.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген ақмоалалық спорт саңлақтарына шынайы алғысын білдірді. Сонымен қоса, облыс əкімінің сыйлығы жəне плғыс хатымен марапаттады.

«Соңғы жылдары облысымызда спортты дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Осының арқасында спортшыларымыз халықаралық жарыстарда еліміздің көк байрағын желбіретуде. Сіздер жеңістеріңіз біздерді жігерлендіріп, ұлттық рухымызды оятуда. Сіздердің спорттағы жеңістіктеріңіз ол Елбасымыздың спорт саласына деген қамқорлығының және қолдауының жарқын нәтижесі», - деді Айна Мысырəлімова.

Өз кезегінде спортшылар да осындай құрмет көрсеткен облыс басшылығына алғыстарын білдіріп, алдағы дүбірлі додаларда да ел намысын абыройымен қорғай беретіндіктерін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар