Ақмола облысында спорт қалай дамытылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында спорттық нысандардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы өңір әкімі Мәлік Мырзалин облыстық мəслихаттың сессиясында өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы туралы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы Есіл қаласында стадион қалпына келтірілді. Бұланды ауданында жүзу бассейнінің, Көкшетау қаласында спортзалы бар футбол алаңының құрылыстары аяқталуға жақын. Астрахан және Ерейментау аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері салынуда», - деді М.Мырзалин.

Атап өтілгендей, өңірде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте, жеңіл атлетика манежі мемлекет меншігіне қайтарылып отыр. Кәсіби және бұқаралық спортты дамытуда республикалық шаңғы базасы спорт кешенінің ашылуын айта кеткен жөн. Олимпиадалық даярлық ортылығы да Бурабайға көшірілді.

«Өткен жылы Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Менің Елім» әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Аршалы және Целиноград аудандарында көше спорты Street Workout, стритбол және әмбебап спорт алаңдары ашылды. Сонымен қатар, Степногор, Есіл қалаларында, Бурабай кентінде және Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында жаңа воркут алаңдары ашылады. Мұндай игі істер салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуда маңызды болмақ», - деді аймақ басшысы.

Облыс аумағында 2355 спорт нысаны тіркелген болса, оның 70 пайызы ауылдық елдімекендерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар