Ақмола облысында сотталғандар арасында халық санағы қалай жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің колонияларында «Барлығы Маңызды! Барлығы Қажет!» ұранымен халық санағы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміз бойынша 1 қыркүйектен бастап халық санағының кезекті науқаны басталды. Бұл Атбасар қаласының ЕЦ-166/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде де жалғасты.

«Мекеме қызметкерлерінің ішінен сотталғандар санағы бойынша жұмыс тобы құрылды. Тәрбие бөлімі мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқандар арасында еліміздің әрбір адамы маңызды және қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Алдын ала сотталғандар санағын өткізу алдында мемлекеттік статистика қызметкерлері арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлерімен санақ парақтарын толтыру қағидалары бойынша сабақтар өткізді. Сотталғандарға сауалнама жүргізуді жеңілдету ретінде мекеме қызметкерлеріне электрондық планшеттер берілді. Сауалнама барысында негізгі анкеталық мәліметтер, яғни аты-жөні, туған жылы, туған жері, білімі, жұмысқа орналасуы, отбасы жағдайы, балалар туралы, мүлік туралы және тағы басқалар толтырылды. Арнайы бөлімнің сотталған қызметкерлерімен жүргізілген барлық сауалнама құпия түрде жүргізілді.

Бүгінгі күні ЕЦ-166/4 мекемесінде 100 пайыз сотталғандар санағы жүргізілді, бұл 800-ден астам адамды құрады.

«2021 жылы жүргізілген халық санағы анағұрлым заманауи және жеңілдетілген, бұрын әрбір сотталған адамға жеке қағаз тасығышта толтырылатын, сапалы емес деректер көп ұсынылған. Бүгін Мемлекет ұсынылатын ақпараттың сапалылығы мақсатында электрондық планшеттер түріндегі заманауи технологияларды ұсынды», - деп түсіндірді колония бастығының орынбасары Абай Жәмшитов.


Соңғы жаңалықтар