Ақмола облысында сот төрағалары мен судьялар тағайындалды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов облыстың сот корпусына тағайындалған облыстық сотының судьясы мен аудандық сот төрағаларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне Олжас Сүлейменов Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды. Сонымен бірге Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Жапарова, Бурабай аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Әбимұратова, Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметіне Дамиля Нәукенова (Абай облысы Бородулиха аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып), Қорғалжын аудандық сотының төрағасы қызметіне Серік Төлеев (осыған дейін Көкшетау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы қызметін атқарған) тағайындалды», - деді ведомстводан.

Арман Жүкенов тағайындалған облыстық соттың судьясы мен жергілікті сот төрағаларын жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сотқа сенімін нығайту қажеттігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар