Ақмола облысында сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан балаларға көмек көрсетілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сирек кездесетін аурумен науқастанған балаларға қажетті қымбат медициналық препараттар сатып алу бойынша көмек көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ведомство мəслихаттың кезектен тыс сессиясында «Хумира» дәрілік препаратын сатып алу үшін бюджеттен қаржы бөлу мəселесін көтерген. Аталмыш препарат өте қымбат жəне елімізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудегі дəрі-дəрмектердің тізіміне енгізілмеген. Бұл препарат сирек кездесетін ювенильді идиопаттық артритпен науқастанған балалар үшін ауадай қажет. Қазіргі кезде, Ақмола облысында 6 бала осындай аурумен ауырады.

«2016 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының көмегімен сирек кездесетін аурумен науқас 6 алты балаға «Хумира», «Актемра» препараттарын сатып алулары үшін жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Жақында ведомство мəслихаттың кезектен тыс сессиясында «Хумира» дәрілік препаратын сатып алу үшін бюджеттен қаржы бөлу мəселесін көтерді», деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова.

Соңғы жаңалықтар