Ақмола облысында сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы қаңтардың 24-де жүргізілген рейд кезінде Сандықтау аудандық ПБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Новоникольск ауылына жақын маңда елік ату әрекетінен хабар беретін ізді байқаған.

«Браконьерлер қалдырған шаңғының ізі мен қарға аққан аңның қаны полицейлерді жергілікті тұрғынның үйіне алып келді. Үйді тексеру кезінде тәртіп сақшылары сібір елігінің еті мен терісін тәркіледі. Бұл іс ҚР ҚК 337 бабының 1 бөлігі бойынша (заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.


Соңғы жаңалықтар