+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Ақмола облысында шығарылатын минералды мақтаға шетелден сұраныс артты

2021 жылғы 23 сәуір 10:20
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында шығарылатын минералды мақтаға шетелден сұраныс артты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында технологиялық құрылыс материалдарының өндірісі артып келеді. Үлкен сұраныс энергия үнемдейтін технологияларға бағыт алуына және «жасыл» экономикаға біртіндеп көшуіне байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде осындай жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибе бар. Ерейментау және Целиноград ауданында жел электр стансаларын салу бойынша бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Аршалы ауданында қуаттылығы 100 МВт болатын ірі жоба жүзеге асырылып келеді.

Ал Макинск қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында минералды мақта, технологиялық өнім шығаратын зауыт жұмысын қайта бастады, оған ішкі нарықта ғана емес, шетелден де сұраныс артып келеді.

«Біз өз өнімімізді негізінен Қазақстанның өңірлеріне жеткіземіз. Соңғы кездері Орта Азия елдеріне, яғни Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдерге өнім экспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Манатбек Бақтыбаев.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауытта 170-ке жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылардың көпшілігі жергілікті тұрғындар. Бұл кезеңде өндірістік қуаты айына екі мың тонна дайын өнімді құрайды, кейіннен үш мың тоннаға дейін ұлғайтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT