Ақмола облысында ШОБ саласында 7 мың жұмыс орны ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шағын және орта бизнес саласында 7 мың жұмыс орны ашылды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалин тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жиында айтылғандай, өңірде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекеттен 7 миллиард теңге бөлінді. Осы арқылы 353 жоба қолдау тауып, 923 шағын несие (2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп) берілді.

Аймақ басшысының сөзінше, өңірде шағын және орта бизнес саласында 7 мың жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, өнім көлемі 8,6 пайызға ұлғайып, 272 миллиард теңгеге және салық түсімі 37 миллиард теңгеге жетті.

«Мемлекет басшысы ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін арттыру туралы біздің алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр. Мәселен, 2017 жылы оның үлесі 25,1 пайыз болса, жыл соңына дейін 28,2 пайызға, 2025 жылы 35 пайызға жеткізу қажет. Бұл зор міндет. Маған және менің әріптестеріме бұл мәселемен тыңғылықты айналысу керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар