Ақмола облысында шегірткемен күрес басталды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шегірткемен күрес басталды. Өсімдік зиянкесі әсіресе, Жарқайың, Есіл аудандарында дендеп тұр. Осы мақсатта аталған аймақтарда егіс алқаптарын зиянкестерден тазарту жұмыстары қолға алынуда.

Аса қауіпті саналатын шегірткенің италиялық түрімен күресу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен мамандар да келген екен. Олар Ақмола және Қостанай облыстарының шекарасында жергілікті мамандармен бірлесіп жұмыс істеуде.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні өсімдік зиянкестері бой көрсеткен Жарқайың, Есіл аудандарында күрес шаралары ойдағыдай жүргізілуде.

"Қазір аудан бойынша 122,3 мың гектар жерге дәрі-дәрмек себіліп өңделді. Бұл жұмыстарға барлығы 3 газ генераторы, 7 дельтаплан тартылды. Пестицидтер қоры да жеткілікті. Әзірге, соншалықты қауіп жоқ", - дейді Жарқайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұрат Берлібеков.

Соңғы жаңалықтар