Ақмола облысында шаруашылық басшысының бауыры жұмысшыны ұрып өлтірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жұмысшыны ұрып өлтірген шаруа қожалығы басшысының бауыры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ІІД-нің мәліметінше, Бурабай ауданының Жарқайың аулының маңында автобус аялдамасынан түрлі дене жарақаттары бар ер адамның денесі табылды. Тергеу барысында оның Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 49 жастағы тұрығын екені анықталды.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде марқұмның Жарқайың ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегені белгілі болды. Оны куәгерлер растады. Кейін күдікті де ұсталды. Күдікті осы шаруа қожалығы басшысының 40 жастағы туысы болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай күдікті ер адамды ұрлық жасағаны үшін сабаған көрінеді. Артынша, шаруа қожалығы басшының ұлы екеуі оны ауыл сыртындағы аялдамдаға апарып тастаған», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.

Фото: choiz.me

Соңғы жаңалықтар