Ақмола облысында шағын автобус аударылып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысы аумағында «Астана-Бурабай» тас жолында жол апатынан «Volkswagen T4» шағын автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша жол апаты бүгін түске дейін «Астана-Бурабай» тас жолының 75 шақырымында болған. Жол апатынан «Volkswagen T4» шағын автобусы аударылып қалған.

«Volkswagen T4, Gelandwagen және Kia Rio көліктерінің қатысуымен болған жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Соңғы жаңалықтар