Ақмола облысында «Серпін» бағдарламасымен түркістандық 68 жас білім алуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Түркістан-Петропавл-Қостанай-Көкшетау» ақпараттық турының соңғы бекеті - Ақмола облысы болғандықтан, түркістандық делегация Бурабай, Зеренді жерін аралап, облыс орталығы - Көкшетау қаласына сапар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда қазіргі таңда Түркістан өңірінен 2018-19 жылдары 68 жас «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен.

Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Оның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде -1356, колледждерде - 390 азамат оқу оқып жүр.

Соның бірі - 2017-2018 ж. «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімінің «Үздік басшысы» номинациясын жеңіп алған Құрманбек Әділет. Кентау қаласының тумасы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде ерікті болып қызмет еткен. Қазіргі таңда Ақмола облысының жас белсенділерінің бірі. Әділет секілді Түркістан өңірінен келіп, түрлі республикалық, облыстық шараларға қатысып жүрген жастар өте көп.

Сондай-ақ білімді жастар өмірімен танысқан БАҚ өкілдерімен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин арнайы кездесіп, қонақтарға «Жер жәннаты - Ақмола» танымдық кітабын сыйлап, сәт сапар тіледі.

Соңғы жаңалықтар