Ақмола облысында салық бойынша қарызы көп 100 адамның тізімі жарияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар арасында салық бойынша қарызы көп 100 борышкердің тізімін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілетеме жасап хабарлайды.
Өңірдегі 100 азамат мемлекетке жалпы 45 миллион 590 мың теңге қарыз. Осы сомадан негізгі борыш 30 миллион 567 мың теңге, ал 15 миллионы өсімпұл.
«Ең көп қарыз бар Бурабай ауданының тұрғыны Виктор Богданец екені белгілі болды. Ол мемлекетке 2 миллион 955 мың теңге көлік құралдарына салынатын салық бойынша (КБК 104402) қарыз. Өсімпұл 2 миллион 16 мың теңге сомасын құрады. Нәтижесінде осы азаматтың жалпы қарызы 4 миллион 971 мың теңге»,- дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Көптеген жағдайларда көлік үшін салықты төлемеген кезде өсімпұл көлемі негізгі борышынан асып кетеді.
«Мысалы облыс тұрғыны Наталья Чженның салыққа 610 мың теңге жалпы қарызы бар, оның ішінде 275 мың теңге негізгі борышы, 335 мың теңгесі өсімпұл»,- деп толықтырды департамент мамандары.
Борышкерлердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанда жыл соңына дейін cалықтық рақымшылық жалғасып жатқанын еске салады. Негізгі қарызды төлеген кезде пайыз сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады.
Қазақстандықтар салықтық берешегінің бар-жоғы екендігі туралы мәліметтерді мына жерден біле алады.
- Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы алғашқы студенттік квест басталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласына қатысты Үкіметке тапсырмалар жүктеді
- 2020 жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды
- Көкшетауда карантин кезінде дәмханада төбелескендер ұсталды
-
Бурабай ұлттық паркінде бір топ жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды
-
Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам