Ақмола облысында сақтардың алтын бұйымдары табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сақ дәуірінің сирек кездесетін заттары табылды. Кеңөткел ауылы маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде археологтар тағы бір тарихи олжаға тап болды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері жер астынан жасөспірім қыздың сүйегін аршып шығарды. Оның жанында алтын бұйымдар болған. Біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың қыш ыдыстары да сол орыннан табылды.

« Бұл - сирек кездесетін түйреуіш. Түйреуіш алтын жалатылған. Жақсы деңгейде жасалған. Сондықтан бұл жерлеуді біз жас қыз баланың жерлеуі деп есептейміз. Түйреуішке әртүрлі моншақтар тізбектелген. Моншақтардың өзінде алтынмен жалатылған және де бір жақ құлағында үлкен сырғасы бар», дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Серғазы Сәкенов. 

 

Соңғы жаңалықтар