Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 7 кітап жарық көрген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 7 кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарының қорытындылары туралы брифинг өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облысымызда біраз шаруа атқарылды. Ендігі мақсат осы істелінген жұмыстарды халыққа дұрыс жеткізу», деді Гүлжанар Шөкеева брифингте.

Басқарма басшысының айтуынша, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде өңірде көптеген жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде биылғы жылы облыс бойынша барлығы жеті кітап басылып шыққан.

«Жаңа әдебиеттерді жарыққа шығару бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатқандығын баса айтқым келеді. «Қазақстан мәдениеті қазіргі әлемде» арнайы жобасы аясында Лондонда ағылшын тілінде Сәкен Жүнісовтың «Zamanai and Amanai» повесі жарық көрді. Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық шығармалар жинағы және «Мәлік Ғабдуллин - Ұлы даланың мақтанышы» атты альбом-кітабы, профессор Қадыржан Әбуевтің «Ақмола облысының тарих және мәдениет қайраткерлері» атты библиографиялық очеркі шығарылды, жазушы-публицист Жабал Ерғалиевтің ««Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» кітабы мен «Ақан сері» жинағы, Ақмола облысы туралы «Жер жәннаты» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде фотокітап жарық көрді», -деді басқарма басшысы.null 

Сонымен қатар, брифингте Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов және облыстық білім басқармасының бас маманы Марина Ли облыстың киелі орындары мен музей, мектеп, жоғары оқу орындарындағы осы бағыттағы атқарылған жұмыстар жайында айтып берді.

Соңғы жаңалықтар