Ақмола облысында ревакцинацияға «Спутник Лайт» вакцинасы қолданылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Pfizer вакцинасының алғашқы компонентін 5470 адам алды, оның ішінде 3826 жасөспірім, 177 жүкті және бала емізетін 1467 әйел бар. Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, 2021 жылдың ақпан айынан бастап Ақмола облысында бес вакцинаның бірінші компонентімен 338 549 адам немесе тиісті халықтың 70,7 пайызы егілді, екінші компонентімен егілген саны – 312 725 адам немесе 65,3 пайыз.

«Pfizer вакцинасының алғашқы компонентін 5470 адам алды, оның ішінде 3826 жасөспірім, 177 жүкті және 1467 бала емізетін әйел бар. Екінші компонент 3175 немесе 4,8 пайыз алды. Өңірде 44 162 адам қайта вакцинацияланды», - деді Н.Сыздықов.

Басқарма басшысы атап өткендей, Көкшетау, Степногор қалалары мен Целиноград және Зеренді аудандары - вакциналаудың аутсайдерлері болып отыр. Вакцинация пайызы төмен.

«Парадокс. Халқы көп аудандарда вакцинация көрсеткіші өте төмен. Ал тұрғындар саны аз, барлығы жинақталған жерлерде бірлескен ұжымдық жауапкершілік бар. Азаматтарды вакцинацияға шақырғым келеді, өйткені - бұл өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустың ауыр ағымынан қорғаудың жалғыз тәсілі», - деп толықтырды Н.Сыздықов.

«Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасының партиясы Қазақстанға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, Ақмола облысында бұл вакцинамен ревакцинация келесі аптада басталады.

Бұған дейін, «Спутник Лайт» вакцинасы Павлодар облысына жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар