Ақмола облысында республикалық жолдар уақытша жабылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық мақсаттағы жолдар көліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының нашарлауына байланысты қаңтардың 2-і сағат 16:45 бастап республикалық мақсаттағы күре жолдардың «Екатеринбор-Алматы» 1006-1247 км (Атбасар – Нұр-Сұлтан), «Щучье-Зеренді» 0-80 км (Щучье –Зеренді), сағат 18:00 бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 км (Щучье– Нұр-Сұлтан) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды», - деп Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі ескерту таратты.

Еске сала кетсек, боранға байланысты «Нұр-Сұлтан-Атбасар» жолында барлық көлік жүрісі тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар