Ақмола облысында республикалық бірқатар жолдар жабылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ауа райына байланысты Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 қаңтарда сағат 19:15-те ауа райының күрт нашарлауына (ақтүтек боран) байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбор - Алматы» (917-1247 км, Жақсы кенті – Нұр-Сұлтан қаласы), «Жақсы - Есіл - Бұзылық» (0-82 км, Жақсы кенті- Бұзылық кенті) тас жолдары көліктің барлық түріне жабылды.

«Сонымен қатар, 22 қаңтарда сағат 18:15-те ауа райына байланысты «Екатеринбор - Алматы» (1291-1426 км, Нұр-Сұлтан қаласы – Қарағанды облысы шекарасы) тас жолында көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды», - деді ведомстводан.

Өңірдің ТЖД атап өткендей, осы күні сағат 21:00-де ауа райының күрт нашарлауына (ақтүтек боран, бұрқасын) байланысты республикалық маңыздағы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» (18-231 км, Нұр-Сұлтан қаласы – Щучье қаласы) күре жолы көліктің барлық түріне жабылды.

Аслан Оспанов.

Соңғы жаңалықтар