Ақмола облысында ресейлік әртістер мінген автобус қар құрсауынан құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ресейлік 22 әртіс мінген автобус қар құрсауынан құтқарылды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша «Астана - Петропавл» күре жолының 170 шақырымында Омбы қаласынан Астанаға бет алған ресейлік «Тойота» автобусы қарға малтығып тұрып қалған. Көлік ішінде елордаға Наурыз мейрамына келе жатқан 22 әртіс отырған. Дереу көмекке жеткен жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлері оларды қар құрсауынан алып шықты.

Сол күні түнде 50 жолаушы отырған тағы 2 автобусты құтқарылды. Олардың барлығы Ресейден Оңтүстік Қазақстан облысына бағыт алған Өзбекстан азаматтары. Құтқарылған жолаушылардың барлығы Макинск және Ақкөл қаласындағы орта мектептерге жайғастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, «Алматы - Екатеринбор» тас жолында қалған 6 жүк көлігі де қауіпсіз жерге шығарылды.

Соңғы жаңалықтар