Ақмола облысында Ресей және АҚШ компанияларының қатысуымен кәсіпорын ашу мүмкіндіктері талқыланды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ресей және АҚШ-тың компанияларының қатысуымен жаңа кәсіпорын ашылуы мүмкін. Бұл туралы өңір басшысы Қосман Айтмұхаметовтің Степногор қаласында АҚШ-тың «Timken» компаниясы мен Ресейдің «УК ЕПК» АҚ өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ықыласты жағдайда өткен кездесуде облыс әкімі Қ.Айтмұхаметов пен шетелдік қонақтар Степногор подшипник зауыты негізінде біріккен ірі габаритті подшипник өндіретін кәсіпорын ашу мүмкіндігін талқылады.

Шетелдік инвесторлар экономикалық әріптестікте жобаның тиімділігін айтып, аталған кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын жоғары бағалады.

Өз кезегінде өңір басшысы да біріккен жобаға қызығушылық танытып, оның жүзеге асырылуына әкімдік тарапынан барынша көмек көрсетілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар