Ақмола облысында репрессия құрбаны Хайретдин Болғанбаев туралы кітап шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбаны Хайретдин Болғанбаев туралы «Хайретдин Болғанбаев – өшпес жұлдыз сәулесі» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Ішкі саясат басқармасынан мәлім еткендей, Қорғалжын аудандық кітапханасының коворкинг-орталығында өткен шараға аудан әкімі Берік Жанбаев, жергілікті зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбаны Хайретдин Болғанбаевтың немересі Достық Тұяқұлы Камелов қатысты.

Аталмыш кітап Алаш қозғалысы мен «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, Түркістан автономиясын құруға, қазақ жерлерін біріктіруге белсенді қатысқан көрнекті әрі талантты мемлекет және қоғам қайраткері, публицист-ағартушы Хайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаевқа арналған.

Кітаптың авторы экономист-саясаттанушы, Хайретдин Болғанбаевтың немересі – Камелов Достық Тұяқұлы атасының қиын тағдыры туралы баяндап, тарихи құжаттармен таныстырды.

Кітапта «Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі, түркі халықтарының бостандығы мен бірлігі үшін күрескен Хайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаевтың өмірі туралы айтылады. Сондай-ақ онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорларынан табылған түпнұсқа құжаттық материалдар ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар