Ақмола облысында «Регион строй» ЖШС жылына 50 мың шаршы метр құрылыс материалдарын шығаруды межелеуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы «Регион строй» ЖШС құрылыс материалдарын шығаруды мықтап қолға алуда. Осы мақсатта кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр құрылыс материалын шығаруды межелеп отыр. Бұл туралы кәсіпорын басшысы Александр Дворцевой мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорын 2050 жылға дейін Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарын, соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға септігін тигізбек.

Кәсіпорында үй құрылысына арналған жабатын тақта, іргетас блоктары, қабырға жиектері, бағаналар және темір бетоннан жасалған басқа да бұйымдары тәрізді темір бетон өнімдерін шығарылуда. Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені құрады. Оның 700 миллион теңгесі 2012 жылы екінші деңгейдегі банк арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру үлгісінде ұсынылды. «Кәсіпорын Ұлыбритания, Испания және Италия елдерінен әкелінген құны 600 миллион теңгенің технологиялық қондырғыларымен жабдықталған. Оның жобалық қуатты жылына 50 000 шаршы метрден аса тұрғын үйді іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға септігін тигізіп, тұрғындарымыздың баспаналы болуына да үлес қосатыны сөзсіз», - дейді Александр Дворцевой.

Соңғы жаңалықтар