Ақмола облысында радикалды діни ағымның өкілі ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында радикалды діни ағымның өкілі ұрлық үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Астра-Ломбард» ЖШС ғимаратында ұрлық жасады деген күдікпен 1995 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотталған және қазіргі уақытта қамауға алынды», - дейді ведомстводан.

Ер адам түрмеде жазасын өтеп жатқан кезінде радикалды діни ағымның жақтаушысы болған және бостандыққа шыққан кезінде байланысын жалғастырған.


Соңғы жаңалықтар