Ақмола облысында прокурорлардың араласуымен 105 жұмысшының еңбекақысы төленді

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жақсы аудандық прокуратурасымен "Жақсы су арнасы" ШЖҚ-дағы МКК-нің жұмысшылар алдындағы 3 004 896 теңге қарызы қайтарылды. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Аққу Мүрсәлімова мәлім етті.

Прокуратура келтірген мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың басында "Жақсы су арнасы" ШЖҚ-дағы МКК-на тексеріс жүргізіліп, онда кәсіпорынның жұмысшылар алдында 3 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталған. Бұл - кәсіпорындағы 105 жұмысшының 2 ай бойы алмаған еңбекақысы.

Тексеріс жұмыстары аудандық прокуратураның азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбек қатынасына мониторинг жүргізу жұмыстары шеңберінде қолға алынды. Осыған байланысты аудан әкімінің атына заңдылықтың бұзылуын жою жөнінде ұсыныс жіберілді.

Қазір аудандық прокуратура қызметкерлерінің араласуымен "Жақсы су арнасы" ШЖҚ-дағы МКК-нің жұмысшылар алдындағы 3 004 896 теңге қарызы толығымен қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар