Ақмола облысында полиэтиленді қапшықтар шығарылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында полиэтиленді қапшықтар шығарыла бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Полимер Пласт» компаниясымен өткен жылы өңірлік индустрияландыру картасының аясында ашылған болатын. Жобаның жалпы құны 162 миллион теңгені құрап отыр. Қазір кәсіпорында полиэтилен өнімінің 15-тен астам түрі (пленка, пакет, логотипті қапшықтар) шығарылады.

Бір айта кетерлігі, мұндағы өндіріс қалдықсыз жұмыс істейді. Жарамсыз және өтелген өнім ұсақталып, қоқысқа арналған қапшықтарды шығаруға пайдаланылады. Жылдық жобалық қуаттылығы - 1500 тонна. Кәсіпорынның өнімі Астана, Павлодар, Көкшетау қалаларында және өңір аумағында сұранысқа ие. Өткен жылы кәсіпорынмен 405 миллион теңгенің 1071 тонна өнімі шығарылған. Қазіргі кезде, кәсіпорында 37-і жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Болашақта кәсіпорын сүт және сүт өнімдеріне арналған қапшықтарды шығару желісін орнатуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар