Ақмола облысында полицейлер суицид жасамақ болған жасөспірімді райынан қайтарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полиция қызметкерлері суицид жасамақ болған жасөспірімді райынан қайтарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай 3 маусымда Степногорск қаласында орын алған.

«Бестөбе кентіндегі полиция бөліміне 16 жастағы жасөпірім қыздың суицид жасамақ болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына полиция бөлімінің басшысы Д.Айнагельдинов, ювенальды полиция тобының қызметкері  А.Әбенова, жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы  С.Сұлтанғазиев және И.Харчук барды. Қараусыз қалған биіктігі 30 метр қазандықтан секіріп өлмек болған қызбен полицейлер бір сағат бойы сөйлесіп, ақыры райынан қайтуға көндірді.  

Қазіргі кезде, жасөспірімнің жағдайы тұрақты және онымен психолог және әлеуметтік-педагог жұмыс істеуде», - деп түсіндірді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар