Ақмола облысында пайдалы қазбаларды заңсыз қазған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілген.

Іс сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар