Ақмола облысында пәтерден 1 миллион теңгенің мүлкін тонағандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында пәтерден 1 миллион теңгенің мүлкін тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында 3 тәуліктің ішінде 29 пәтер ұрлығы ашылса, оның 10 жақында жасалған болса, 29 бұрын тіркелген.

«Биылғы жылдың тамыз айында жасалған осындай қылмыстардың бірін Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері ашты. Бұл туралы қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреулер оның үйіне пластик терезені бұзып кіріп, жеке заттарын ұрлап кеткен. Ұрылар ақша, екі ноутбук, ұялы телефон, сондай-ақ, құндыз тонды қолды қылған. Пәтер иесіне келтірілген шығын көлемі 1 100 000 теңгені құрады», дейді ведомстводан.

Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде оның осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Осыған қарай, полиция қызметкерлері ақмолалықтарды ұрылардан сақ болуға, үйге сенімді есіктер мен құлыптарды және дабыл қаққыштарды орнатуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар