Ақмола облысында пара алған əкімге 23 миллион теңге айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінің экс-әкімі Қайрат Ахмадияровқа тұрғын үй құрылысы үшін қиыршық тас түрінде пара алғаны үшін  23 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Аршалы аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Сот үкімінде көрсетілгендей кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Ресей Федерациясының азаматы Жібек жолы ауылындағы жалдамалы тұрғын үйдің маңына техникасын қойған. Осы кезде ауылдық округтің әкімі болған Қ.Ахмадияров көлік тұрағы жол қозғалысына кедергі келтіретінін жəне көліктерді алу қажеттігін айтқан.

Ал кəсіпкер болса, одан арнайы техникаларын қоятын жер телімін сұрайды. Экс-əкім ол үшін тұрғын үй құрылысына қажетті 6 машина қиыршық тас жеткізіп беруді талап етеді.

Сот отырысында прокурор мен сотталушы арасында қылмысты мойындау ретінде процессуалдық келісім жасалды.

Осылайша, сот Қ.Ахмадияровты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп танып, параның 60 еселенген көлемінде, яғни 23 400 000 теңге айыппұл тағайындады. Оған қоса, экс-əкім өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айрылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар