Ақмола облысында пара алған басқарма басшысы екі айға қамауға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған Ақмола облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының экс-басшысы Көкшетау қалалық тергеу сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шенеунікті 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде санкция қолданылды. Соттың мұндай шешім шығаруына екі жағдай себеп болды. Оның бірі, күдікті бостандыққа жүрсе, тергеуден бой тасалауы мүмкін. Екіншісі, тергеу шараларына кедергі келтіруі, іс бойынша куәгерлердің айғақтарды жариялауына ықпал етуі мүмкін», - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ірі көлемде пара алды деген күдікпен Ақмола облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының экс-басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алған болатын. Шенеунік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қалпына келтіріліп жатқан Ақмола облыстық өлкетану мұржайындағы және М.Ғабдуллин атындағы мұражайдағы күрделі жөндеу жұмыстары орындалғандығы жөніндегі актіге қол қойғаны үшін кәсіпкерден бірнеше рет пара алды деген күдікке алынған.

Соңғы жаңалықтар