USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысында өзен жағасынан гранаталар табылды

2021 жылғы 10 қазан 12:58
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында өзен жағасынан гранаталар табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында бірнеше граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Щучьеде медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй салынады Ақмола облысының медұйымдарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркіліс жоқ Токиода ер адам үйіне келген 3 медқызметкерді атып, біреуін мерт қылды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 9-да сағат 17:40-та Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаменті Жедел басқару орталығынан хабар түскен. Онда 1974 жылғы ер адамның Аршалы ауданы Арнасай ауылы маңында балық аулап жүргенінде гранатаға ұқсас затты көргені айтылған.

«Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің маңын тексеру кезінде Арнасай ауылынан 700 метр қашықтықтан атылған әскери емес 3 граната және 1 дыбыс немесе түтін шығаратын гранатаның сыртқы корпусы табылды. Табылған заттарды тексеріп, көруге Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінің кинологтары мен саперлері тартылды», - деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, осыған байланысты материалдар Аршалы аудандық полиция бөлімінің мәліметтерді тіркеу кітабына енгізілді.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT