Ақмола облысында өзен жағасынан екі әйелдің мәйіті табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің жағасында екі әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда тұрғындардың бірі 2 әйелдің теміржол саяжайы аумағындағы Шағалалы өзеніне қарай кетіп, қайтып келмегені туралы кезекші бөлімге хабарлаған.

«Тәртіп сақшылары саяжайлардан шығыс бағытта 10-15 метр қашықтықтан 39 және 42 жастағы әйелдің денелерін тапты. Жедел тергеу шаралары барысында сот – медициналық топ олардың денесінде күш қолданудың белгілерін байқамады. Қазіргі кезде, мәйіттер Ақмола облысы бойынша соттық медицина инстутына жіберілді», – деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар