+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Ақмола облысында өзен суының деңгейі көтерілді

2020 жылғы 7 сәуір 19:36
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында өзен суының деңгейі көтерілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауа райы температурасының күрт көтерілуінен және жауын-шашыннан Жабай өзенінде судың деңгейі қауіпті деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, осының салдарынан Сандықтау ауданының Балқашин ауылында 2 тұрғын үйдің ауласын су басып қалды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері кешеден бері су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Өзен бетіндегі мұз қатпарлары жару жұмыстары жүргізілуде.

«Су үйге кірген жоқ, ірге тасының деңгейінде. Жабай өзеніндегі судың қауіпті деңгейі 3,2 метр болса, қазіргі кезде судың деңгейі 3 метрге жетіп отыр», - дейді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Су тасқыны,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT