Ақмола облысында отбасылық онлайн байқаудың жүлдегерлері анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жыл отбасы» облыстық онлайн байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, шара отбасы институтын нығайтуға, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

«Байқауға облыстың 19 ауданы мен қаласынан аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты», - деді облыстық білім басқармасындағылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар өз жұмысында отбасының, баланың дүниеге келу тарихын, алғашқы жетістіктерін, жеңістерін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің дамуын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан Махшанай Өмірдостың отбасы бірінші орын алса, екінші орынға Целиноград ауданының Ынтымақ ауылынан Хурмет Дәуренбектің және Аршалы ауданының Аршалы кентінен Медет Сейдабзаловтың отбасылары лайық деп танылды.

Ал жүлделі үшінші орындар Сандықтау ауданының Максимовка ауылынан Сергей Кулис, Степногор қаласының Қарабұлақ ауылынан Бауыржан Оразалин және Жақсы ауданының Жақсы ауылынан Аслан Жақсыбаевтың отбасыларын бұйырды.

Байқау қатысушылары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен, дипломымен және ақшалай сертификатымен марапатталады.



Соңғы жаңалықтар