+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт салынып жатыр

2020 жылғы 27 тамыз 21:51
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт салынып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАПқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда отандық өндіруші айына 1,2 млн маска шығармақшы Қызылордада жүн мен былғары өңдеу өндірісі ашылады Қызылордадағы шыны зауытының маңынан 8 ілеспе зауыт салынады - Гүлшара Әбдіқалықова

Жобаның құны - 4,2 млрд теңге. Болашақ зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 600 тонна өнім өндіреді. Кәсіпорында өңірдің 30 тұрғыны еңбек ететін болады.

Бұланды ауданының Макинск қаласындағы заманауи зауыт майлы дақылдарды қайта өңдеуді қамтамасыз етеді және дайын өнім өңделген түрде көрші елдер нары ғына экспортталатын болады.


Осындай зауыттарды Шығыс Қазақстан облысында салу жоспарланып отыр, ал Алматы қаласында заманауи зауыт іске қосылды. Мұндай өндіріс орындарын салу – шикізат экспортына қарағанда құны жоғары , тереңдетіле өңделген өнім экспортына өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министр Макинск қаласында жергілікті элеватордың жаңа астық өнімін қабылдауға дайындығын тексерді. «Арна» астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС аудандағы фермерлерге астық қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту бойынша қызмет көрсетеді.


Кәсіпорынның жалпы ауданы – 14,7 га. Бұл жерде сыйымдылығы 22 мың тонналық астық қоймасы, ауданы 4,5 мың шаршы метр асфальтталған алаң, өнімділігі сағатына 110 тонна астық кептіргіш бар.

Қазіргі уақытта элеватор жаңа астықты қабылдауға толық дайын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT