Ақмола облысында өртенген үйден 82 жастағы қария құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Сандықтау ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 82 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтар күні сағат 10:37 Сандықтау ауданының №17 өрт сөндіру бекетіне Балкашино ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабар түсті.

«Шақырту орнына ТЖД жеке құрамынан 8 адам мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өртенген үйден 1940 жылғы зейнеткер құтқарылды. Өрт сағат 11:07 ауыздықталып, сағат 11:30 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар